Қиялымнан түңілдім – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Қиялымнан түңілдім» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.07.2018
  • 0
  • 0
  • 7054
А. С. Пушкиннен аударма

Қиялымнан түңілдім,
Тілегімді тауыстым;
Жемісі бос көңілдің
Тек азаппен алыстым.
Дауылы тас тағдырдың,
Солдырды өмір гүлімді.
Жабырқаумын, жалғызбын,
Тұрмын күтіп өлімді.
Соңғы суық соққандай
Қалған кейін жапырақ,
Тоңып бүрсең, қаққандай
Тұр бұтақта қалтырап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері