Экскаватор – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Экскаватор» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2018
  • 0
  • 0
  • 5748
Тастың талқаны ұшты,
Таудың талқаны шықты.
Міне біреу неткен мықты!
Өйткені:
Темір бура жеккені.
Аузы жерді қапса,
Азуы жерді шапса,
Тасты тұздай кемірсе,
Тауды мұздай жемірсе,
Ырғалса,
Сықыр, сықыр, сықыр...
Қозғалса,
Шықыр, шықыр, шықыр,
Опырса,
Күтір, күтір, күтір...
Шайнаса,
Қытыр, қытыр, қытыр...
Күйсесе,
Күрс, күрс, күрс...
Жолдас - ау, Бұ неткен күш?
Бұл асыл құрыш.
Алып күш...
− Тауды таусап
Батыр, батыр, батыр;
Тасты асап
Қатыр, қатыр, қатыр,
Мұның аты?
− Экскаватор...
Істеп жатыр,
Бес жылдыққа
Күштеп жатыр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері