Екпінділер мен прогульщик

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4295
(Қолында сайман, үстінде шахта киімі бар екі екпінді сахнада кетіп бара жатқанда бір жағынан бөтелке ұстаған прогульщик шығады.)

Прогульщик:
Ей, екпіндім, мұнша неғып
Бүлінесің, терлейсің?
Самайыңнан терің ағып,
Жан рахатын білмейсің...
Екпіндінің біреуі:
Білеміз ғой рахатыңды,
Жатып арақ ішесің.
Сөйте - сөйте бұзық болып,
Тез - ақ торға түсесің.
Прогульщик:
«Жұмыс» дейсің, «жоспар» дейсің,
Ал не пайда табасың?
Кел, гуляйтті бір соғайық,
Мынау арақ, қанасың...
Екпіндінің біреуі:
Жоспар, жұмыс біздікі ғой,
Білмесең ол арасын.
Арақ қайдан? Ақша қайдан?
Нанды қайдан аласың?
Прогульщик:
Арақ алам саудагерден,
Тамақ алам пасктен.
Ақша аламын получкеде,
Нан аламын ларектен.
Екпіндінің біреуі:
Жоқ, жоқ, сені жұмысшылар
Қуылсын деп шулайды.
Тамақ та жоқ, арақ та жоқ,
Кеңірдегін қурайды.
Енді бір екпінді:
Прогульщик, пьянчикке
Жайлы жағдай бізде емес.
Аш көзіңді, ойла осыны,
Істемеген тістемес!
(Екпінділер шығып кетеді. Артынан прогульщик):
Ай! Ай! Тоқта!.. Маған мойнын
Тағы да бір бұрылсын.
Нан болмаса...
Бұл не керек?
Құрысын арақ, құрысын!
(Бөтелкені жерге ұрып, артынан шығып кетеді.)

1932 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екпінділер мен прогульщик өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Екпінділер мен прогульщик өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екпінділер мен прогульщик өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екпінділер мен прогульщик өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері