Еркелейді бүлдіршін – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Еркелейді бүлдіршін» атты Гулназ Кабулова жазған бала туралы өлең берілген.

  • 14.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3702
Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.
Ауласында балалар,
Қуаласып ойнап жүр.
Күтуші болса анасы,
Қарайлап бәрін байқап жүр.
Кіп-кішкентай бүлдіршін,
Бақшада мәз боп оцйнап жүр.
Кешкісін бір-ақ келгенде,
Анасын сол сәт көргенде,
Етегінен жармасып,
Кетейікші үйге деп,
Қақпаға қарай бет алып,
Асығып жүріп барады.
Айтуы үшін сау бол деп,
Күтушіге қарады.
Дегенмен әрбір балаға,
Өз үйі қандай тамаша.
Әжесіне еркелеп,
Қасына келіп жатады.
Құлыншағым, алтыным,
Келе ғой күнім, жарқыным.
Дейтұғын бар ғой әжесі-
Бақытқа толсын әр күніңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері