Аттандырып тым тәтті сәттерімді
Бұл бетте «Аттандырып тым тәтті сәттерімді» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Анда-санда аударып парақтарын,
Күн батқанын білмедім, таң атқанын.
Бетіне ақ дастарқан тамып кетті,
Тулаған бойымдағы шарап-қаным!
Жырым, сырым - екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім.
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда...
Бұл өлеңдер өте керемет ұзақ болсада бір әсер қалдырады өлеңдер өте тамаша.
Жас күнімде кей өлеңдерін терең түсінбегем, қазір оқыған сайын тәнті болып, басқа қырынан танимын. Өте терең!
Оте кушти
Мұқағали мақатаевдің өлеңнің жатау
Өте керемет