Достық жыры
Бұл бетте «Достық жыры» атты Жұмағали Саин жазған достық туралы өлең берілген.
Қанмен сіңген жүрекке жандай достық
Атын көкке көтере әнге қостық.
Дауыл тұрып, денені оқ жыртқанда,
Басым құрбан жолында болсын дестік,
Көк жүзіне көтере мақтап бүгін,
Әндетейік бәріміз достық жырын!
Сақтайық біз достықты ардан қымбат,
Сақтағандай көздің нұр қарашығын!
Керемет.Маған ұнады