Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі

Бұл бетте «Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3601
Аман cay жатырмысың, Мәди батыр,
Тұтқын боп бұл түрмеде әркім жатыр...
Жуымас аққа пәле деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр...
Жаңбырдай жауа берген көздің жасы,
Ат пенен не көрмейді ердің басы.
Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты,
Он екі қазылықтың тау мен тасы.
Біз елден шығып едік өткен қыста,
Болмады, ондалмадық асығыста,
Қағыстық бір-екі ауыз амандықты,
Анадай ат үстінде, тұрып тыста.
Құмарым тарқамады көріп көзбен,
Білмеймін жүргеніңді қай түрлі ізбен.
Кіруге қайта - қайта қарауылшы
Қарайды ұрсып-зекіп жаман көзбен.
Бекітіп талай ерді кісендеген.
Сонда да ажал келмей кісі өлмеген.
Басына бір кемшілік түскен кезде,
Рас деп шындығына бір сенбеген.
Жүргенде басы боста жігіттікпен
Кісі көп баратұғын "мен сендікпін".
Жаныңда жүз бір достан бірі қалмас,
Түсер күн болған күнде бір кемдікпен.
Ақ сұңқар аспандағы түсер торға,
Өрлеген өнерпаздар жығылды орға.
Ес кетіп жан шыққандай іс болғанда,
Құтылып кейбіреулер шығар зорға.
Ниетің болу керек хаққа дұрыс,
Әркіммен жасай берме жанжал ұрыс,
Зынданда жалғыз жатқан сен емессің,
Әр түрлі жақсылар бар қылған қоныс.
Жақсылыққа тырмыса бер, басшы бала,
Қадірін білсең сөздің нұрлы гауһар,
Сырға қыл құлағыңа, әнші бала.
Бұл сезді айтушы ағаң - Мәшһүр Жүсіп,
Елдей боп қара басы жүрген көшіп.
Сен қадіріне жетпесең болып зайғы,
Жоғалып қалған бір соз жерге түсіп.
Бұл жерде сен де кәріп (ғаріп), мен де кәріп,
Мойны ұзын алыс жерде жұртым қалып.
Күшім жоқ, ақылдасар кісім де жоқ,
Кететін ерікке қоймай жұлып алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері