Күз...Қоштасу

Бұл бетте «Күз...Қоштасу» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1161
Жаз бойына жапырақ жанып бiткен тəрiздi,
Өзегiнен өмiр – сөл ағып бiткен тəрiздi.
Қу ағашта қу бұтақ құлазыған көңiлдей
Қыс келуiн тезiрек талып күткен тəрiздi.
Қызуы мол, қызықтан босап қалған құшағы
Көшкен жұрттың қоңыр бақ қорымына ұсады.
Жылап аққан жылғаның жалқы жыры болмаса,
Естiлмейдi ештеңе,
Естiлмейдi құс əнi...
Қимас, сыйлас көңiлдiң ақ мəйегiн аршымай
Үнсiз тұрмыз екеумiз еңсемiздi жаншып ой.
Жалғыз-жарым жапырақ бұтақтарға iлiнген
Кiрпiгiңе асылып тамбай қалған тамшыдай.
Өз-өзiңнен жеңiлiп, жылап тұрсың егiлiп,
Жүрек сөзiн айта алмай,
Жiбек – сезiм сөгiлiп.
Қоңыр күзде бiз тұрмыз
қоңыр бақтың қойнында
Бiр көрiнбей, көрiнiп,
Көк мұнарға көмiлiп...
Қайда, жаным, баяғы ыстық құшақ, отты ерiн?
Қайда кеткен аяулы сенiң, менiң көктемiм?
Мүлгидi жай марғау бақ үнсiздiктей ұйыған,
Жазбен көшiп кеткендей бiзге таныс тəттi өмiр.
Жылап тұрсың егiлiп,
Жеңiл ме екен маған да?
Мойныңда емес,
моншағың мөлтiлдейдi жанарда.
Дейсiң маған дегбiрсiз дiр-дiр қағып ерiнiң:
«Ұмытайын қалайда,
Сен де ұмыт, жарай ма?
Тар болғандай тағдырға ошақ басы, от қасы,
Танысып ек екеумiз,
Табысып ек бақта осы...
Саған сонда ашылған жүрегiмнiң қақпасы,
Сол қақпаны, өтiнем, ендi қайтып қақпашы?..»
Бере алмастан сұрағын,
Iшке бүгiп күмəнiн.
Үнсiз тыңдап тұрды бақ
қоштасудың бұл «əнiн».
Жамыратып қозыдай жанарымның бұлағын
Алғаш рет мен сонда ағыл-тегiл жыладым.
...Ғашықтарға күн кеше болған жайлы гүл жұмақ
Қоңыр бақ тұр қорымдай қоңыр күзде тұнжырап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз...Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күз...Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз...Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз...Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері