Зүбайда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Зүбайда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1101
Жатты да жақын етіп жанашырдай,
жаны кең қазағымның даласындай –
көз тартып көркі менен даналығы
баяғы Қыз Жібектің анасындай.
Әзіл қандай, ән қандай!
жаны жарқын, талғам бай.
Нұр төгілген жүзіңді
көрген адам таңданбай
шыдай ма, Зүбайда!
Ұғасың айтқызбай-ақ айтар жайды,
көрген жан ғашық болмай қайта алмайды.
Өзіңдей болса алтын босағасы,
қазақтың шаңырағы шайқалмайды.
Әзіл қандай, ән қандай!
Жаны жарқын, талғам бай.
Дидарыңды көрген жан
тұра алмайды таңданбай.
1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері