Әлдилейді толқындар

Бұл бетте «Әлдилейді толқындар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1808
Ертісті бойлап төмен жүзіп келем,
Балықшы отыр қармағын сүзіп терең.
Қайығыма жармасып қалып жатыр,
Осынау толқын сырын қызық көрем.
Қызық көрем толқынның асыққанын,
Құяды жаңбыр жолдың басып шаңын.
Дірілдетіп үстіне қондырады,
Асау Ертіс даланың ашық таңын.
Толқындар көше өтеді дүрілдетіп,
Денемді бір мұздатып, дірілдетіп,
Балықшы жүр алысып толқынменен,
Қорқыныш жоқ ешқандай түрінде түк.
Алауланып даланың арай таңы,
Сыңғырлап Ертіс ғажап ән айтады.
Сылқ-сылқ күліп біресе сыбырлайды,
Таусылмайтын ақынға бар айтары.
Маңғаз қарап құздардың алып шыңы,
Тынбай кезіп самал да талықсыды.
Күміс үнді, көңілді күйге көшіп,
Әлдилейді толқындар балықшыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлдилейді толқындар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Әлдилейді толқындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлдилейді толқындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлдилейді толқындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері