Ұнатамын – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ұнатамын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3154
Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.
Ұнатамын даланың ерке желін,
Беу, өмір, өзіңе ұқсас ерке ме едім.
От жырынды құй дағы жүрегіме,
Өзегімді жалын боп өрте менің.
Ұнатамын кең дала, қырларыңды,
Талай-талай тыңдағам сырлы әніңді.
Ұйып қалып сол әнге құштар көңіл,
Көріп ең ғой таңданып тұрғанымды.
Ұнатамын ойланып жатқаныңды,
Қырандар тынбай кезді жақпарыңды.
Өзіңе ұқсас бүкпесіз мынау көңіл,
Кеудеңнен бір күй болып ақтарылды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері