Баянжүрек

Бұл бетте «Баянжүрек» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2571
Қасиетті туған жер —
Баянжүрек,
Сусыған сәуле шашы,
Самал жібек.
Алаң ғып келмей жүрсем алыстарда,
Өзім де сағыныштан қалам жүдеп.
Сен-дағы күтесің-ау елегізіп,
(Бастан асып жүр екен деме қызық).
Кешіккенім кей кезде
Келе де алмай,
Қызың жүрер,
Жүректен өлең үзіп.
Кейде жүрек шаттанып, шабыттанып,
Кейде ойлардан тұралап
Арып-талып.
Серігу үшін ұшамын саған қарай,
Қанатты қарлығаштай
Қағып қалып.
Бауырыңа басасың құшырланып,
(Кейде шарлап жүремін түсімде анық).
Қуатты ғой ұрпағын,
О, туған жер,
Құмар тарқар өзіңді
Құшып жанып.
Сен дәйім жетелейсің —
Қияндарға,
Ақын жаны әуес қой қиялдауға.
Ақтаршы, бар сырыңды алдыма әкеп,
Мен бұрын естімеген
Бір ән бар ма.
Білесің, бар мінезді,
Балаң жайлы,
Көрмей жүрсе бұл көңіл алаңдайды.
Бал-шарбатын татқанмен
Басқа жердің, Зәуремнің тұнығындай
Бола алмайды.
Баянжүрек,
Жомартсың, жерің жайсаң,
Жасырмаймын,
Жалғансыз барымды айтам.
Арман еді-ау бұл-дағы қашаннан да,
Жайғасайын жаныңнан орын қойсаң.
Қасиетті туған жер —
Баянжүрек,
Сусыған сәуле шашы,
Самал жібек.
Алаң ғып келмей жүрсем алыстарда,
Өзім де сағыныштан қалам жүдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баянжүрек өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Баянжүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баянжүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баянжүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері