Жапырағын шуаққа жаяды үміт – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жапырағын шуаққа жаяды үміт» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1987
Жаныма бір өзіңді сая ғылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Өтіп жатқан әр күнім
Жанарымнан —
Көңілдің құбылысын қалады ұғып.
Жаныма бір өзіңді сая ғылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Қиял — қыран
Қиырға қанат қақса,
Арман түлкіні сонардан алады ұрып.
Жаныма бір өзіңді сая ғылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Көктемдегі сеңдейін — ой ыдырап,
Жүректің арнасына барады ұрып.
Жаныма бір өзіңді сая ғылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Өтіп жатқан әр күнім
Жанарымнан —
Қөңілдің құбылысын қалады ұғып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері