Өлең, жыр, ақындар

Сүлейман Стальскийге

  • 19.08.2018
  • 0
  • 2
  • 5626
(Пушкинге)

Орыстың өлеңінің ақын көркі,
Алмастай мың құбылған меруертті.
Дүниеге асыл сөзден төктің маржан,
Жарқырап тар заманда-ақ шықтың еркін,
Патшаның қорқау бастық жендеттерін,
Сен көрдің, таныдың сен таулы жерін,
Қарысқан қан майданда қылыш тимей,
Қолынан қанды жендет жанды бердің.
Не керек өмір саған, өзің тірі,
Алтындай жарқырайды жайнап гүлі,
Жүз жыл болды, қара жер сені алғалы.
Сен дүние ақынысың осы күні.
Қуанып көзі жайнап, мейірі қанып,
Башқұрт, түркпен, белорус, қазақ танып,
Оқиды жазғаныңды, шаттанады,
Сөзіңнің бір де бірі өлмеуі анық.
Сен Пушкин, қалың жұрттың туысқаны,
Сен біздің бұл ғасырдың өлең, әні.
Өлеңің жаңа атқан таң, жайнаған гүл,
Жұпары, інжу-маржан, өмір сәні.
Бұл күнде біздің өмір жайнаған гүл,
Құлпырып барған сайын төгеді түр.
Ән шырқап, бізбен бірге қуан, шаттан,
Мәңгі өлмес, асыл сөзді асқан бұлбұл.



Пікірлер (2)

Ерасыл

Овла

Нур

Бұл Жамбыл Жабаевтың «Сүлейман Стальскийге» деген өлеңі терең ойлы философиялық мазмұнға толы. Ақын өз өлеңінде Сүлейман Стальскийдің шығармашылық жолын, орыс әдебиеті мен поэзиясының көркемдік сұлулығын жоғары бағалай отырып, сөз өнерінің мәдени байланысын әдемі көркем тілмен ашады.

Пікір қалдырыңыз

Қымыз

  • 0
  • 1

Үйірілген қышқыл, тәтті сары қымыз,
Ауруға — ем, сауға — қуат, дәрі қымыз,
Ыстықта ұрттар сусын таппағанда,
Ерте-кеш байлар ішкен кәрі қымыз.

Толық

Қыйсыбайға

  • 0
  • 0

Ей, Қыйсыбай, Қыйсыбай!
Бері қарашы қымсынбай.
Шапаныңды бергенше,
Көңілім тұр тыншымай.

Толық

Ағайын - туған есен бол

  • 0
  • 13

Ел едің құт дарыған Есім - Малай,
Қыдырып қызығыңды көрдім талай.
Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім,
Қайтқалы бет түзедім елге қарай.

Толық