Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Октябрь толғауы

Бұл бетте «Октябрь толғауы» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7434
Добырамды қолға алсам,
Айналама көз салсам,
Ағыл-тегіл жыр келер,
Қартайған бұл шағымда
Қанат бітіп Жамбылға,
Халайықтың алдында,
Қасқа шекті, жыр етіп
Жыйырма екі жылды егер;
Ұлы — тойым — Октябрь
Көңіліме сап дүбір,
Жүрегімді жыр бөлер,
Ұлы Октябрь — жыр басы,
Ақындықтың арнасы:
Октябрьді айтсам-ақ,
Тас бұлақтай сарқырап,
Көңілімнен жыр өрер.
Октябрьден бұрын мен
Кеуіп қалған арна едім;
Түк қалмаған түрінен
Қаусаған бір шал едім.
Домбыра күйін хан бұзыл,
Хандық құрған заң бұзып,
Тұрған шақта шаршаған
Шөліркеген жан едім.
Жаңбыр суын көрмеген,
Ұзақ жаздай шөлдеген,
Елегізген еліктей,
Жортқан жолсыз көлденең,
Қақсып, кеуіп қап едім.
Құраған қырда сүйектей
Зарланған зар жақ едім.
Шашыма ақ кіргенде,
Бақыт көрдім көрмеген.
Бастауымен Лениннің,
Көшті ілгері керуен,
Сталин бастап халықты,
Күннен күнге өрлеген.
Орыс, қазақ, қырғыз да,
Қанатын көкке сермеген.
Жамбыл бүгін толғаса,
Түйдек-түйдек сөз келер,
Қайнар көзі болмаса,
Қайдан ағып су өнер?
Құяр арна болмаса,
Құралар ма айдын көл?
Кенезесі *10 тоймаса,
Құлпыра ма онда жер?
Біреу тоған қазбаса,
Гүлденер ме онда шөл?
Қуаңымды көгерткен,
Өлеңімді үдеткен —
Менің арнам — Октябрь,
Кәрі бойға әл берген,
Өлеңіме нәр берген,
Ленин менен Сталин —
Көсемім ұлы кемеңгер,
Өсіпті, көрем, ұрпағым,
Екпіндеген еңбегі:
Салған ұзын темір жол,
Қазған жаңа өзендер,
Елімде завод, машина,
Жерімді күш кернеді.
Қызыләскер — сұңқарым
Жауларға ырық бермеді?
Жағаласқан дұшпанның
Талайларын жерледі
Батыстағы бір туыс,
Украина, Белорус,
Пан *11 қолында шерлі еді.
Бұрын, қазақ халқы да,
Хан қолында шерлі еді.
Отанымның ұлдары,
Октябрьдің ұрпағы,
Езілген халық қаумына,
Беріп туды қолына,
Батыстағы бауырына
Бостандық ап бергені.
Жырыма арқау болғандай,
Тере берсем термені.
Осы күнде көңіл хош,
Қаны қандас елім дос,
Украина, Белорус
Менің ұлым сенікі,
Сенің ұлың менікі,
Ер туған ұл елдікі,
Бақытты біздің жердікі.
Ел өмірі күнде той,
Ойқой қызық заман ғой,
Сергіткен қарт кеудені!
Октябрьдің тойында
Жамбыл қарттың ойына
Тусті осындай көргені.
Уа, құрметті Ұлы күн!
Жарық берген танымсың
Қартайғанда сен үшін,
Күй мен жырым ағылсын.
Көз жұмғанша жырлаймын
Ел-жұртымның бағы үшін.
Бақытты айтсам бабым кеп,
Күй жосылып, сөз үдеп,
Түзеледі шабысым.
Ұраным боп Сталин,
Қуатым боп ұрпағым,
Жарқын шығар дауысым,
Мен жырлаудан талмаймын,
Барған сайын самғаймын,
Октябрьдің таңы үшін,
Ортасынан ауылдың,
Тауларынан Жамбылдың
Шырқаған бұл кезімде,
Жер әлемнің. жүзіне
Жетіп жатсын дабысым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Октябрь толғауы өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Октябрь толғауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Октябрь толғауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Октябрь толғауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері