Бала махаббат (Әзіл өлең) – Айша Балтахаева

Бұл бетте «Бала махаббат (Әзіл өлең)» атты Айша Балтахаева жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3344
— Кім сені ренжітті, балақай?
— Қалақай.
— Қалақайды қайдан іздеп таптың тағы?
— Анооуу, кепенің артындағы.
— Кепенің артында нең бар еді?
— Қыста ойып шығарған көң бар еді.
— Ол көңге сен не үшін барған едің?
— Қажет болып кішкене алған едім.
— Қажет деймісің? Неге? Кімге?
— Лагердегідей от жағамыз түнде.
— Қайда? Кіммен?
— Айғаныммен.
— Айғаныыым? Ол кім болмақ?
— Көршінің үйіне келген қыз қонақ.
Лагерге ертең кетем дегесін,
Көрсетпек ем ауылдың лагерден кем емесін...
— Аййй, сен де, ондайда ағаш-бұта жағады, көң емес,
— Сіздің де маған сұрақты жаудырғаныңыз жөн емес.
—Ех, бала махаббат, қадірің бар білгенге,
Кеше ғана боқмұрын — бүгін жігіт бір демде.
Көңнің сасық ысынан айналып басы талмасын,
Романтикамен сен басын айналдырып жүргенде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала махаббат (Әзіл өлең) өлеңінің авторы кім?

Айша Балтахаева — осы өлеңнің авторы.

Бала махаббат (Әзіл өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала махаббат (Әзіл өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала махаббат (Әзіл өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері