Алматыға бәрі бір – Айша Балтахаева

Бұл бетте «Алматыға бәрі бір» атты Айша Балтахаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6885
Жыладың ба, күлдің бе,
Мұңға батып жүрдің бе,
Күніңді жақсы сүрдің бе,
Алматыға бәрі-бір...

Тоқсың ба, әлде, ашпысың,
Саумысың, қырттай маспысың.
Уайым қағып өзіңнен,
Сұрамас тәтті-ашысын.
Алматыға бәрібір...

Жүрегің жүр ме желпініп,
Жаурадың ба, әлде, жел тұрып,
Қызықтырмас жай-күйің,
Кетсе де біреу өлтіріп.
Алматыға бәрі-бір...

Жыртық па киген киімің,
Болды ма қалта күйі мұң.
Қайда, кіммен жүрсің деп,
Қызық болмас ұйымың.
Алматыға бәрі-бір...

Тасыса мал мен дәулетің,
Байыса ұрпақ, әулетің.
Лыпылдап саған қарар деп,
Болмай-ақ қой әуре тым.
Алматыға бәрі-бір...

Қайыр тілеп тұрмысың,
Нанға зәру жүрмісің,
Сені аяп, жыламас,
Толғандырмас тұрмысың.
Алматыға бәрі-бір...

Хақ жолымен жүрдің бе,
Ағымға басқа кірдің бе,
Жолыңды нұсқап көрсетіп,
Қата қоймас үн мүлде.
Алматыға бәрі бір...

Еңбек қылсаң ерінбей,
Жалқаулыққа берілмей,
Алматы сені елейді
Құшағын ашқан керімдей.
Қызықсызсың сен оған,
Еңбектің тері төгілмей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға бәрі бір өлеңінің авторы кім?

Айша Балтахаева — осы өлеңнің авторы.

Алматыға бәрі бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға бәрі бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айша Балтахаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыға бәрі бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері