Көктем. Көктеректер
Бұл бетте «Көктем. Көктеректер» атты Күләш Ахметова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
Бұл көктемді алты ай қыс күтіп едіңдер,
Осылай басталады екен бүкіл өмірлер.
Тал, теректер, түн бойы толғақ қысып,
Бебеу қағып, ыңырсып, уһіледіңдер.
Азабыңды түсіндім мен басыңдағы,
Дөңбекшиді қою бұлт — қорғасын дағы.
Сезінгендей майданды енді осындағы —
Түні бойы сыңсыған жел басылмады.
Мұндай кезде қалайша тыншымақ қырлар,
Күндіз сезген қуатын күншуақтың қар.
Қас қарая толғатқан ана — ағаштар,
Таң ата талықсып барып, бүршік аттыңдар!
Көктем ғой бұл жылынар суық құмдар да.
Көктеректер, айтпай-ақ мұны ұқтыңдар ма?
Күн нұрымен маужырап қалғисыңдар,
Түні бойғы күресті ұмыттыңдар ма?
Өмірге өмір қосып, тынықтыңдар ма?
Мен білемін бұл таңды шын күткеніңді,
Түні бойы сездіріп тірлікке мұңды.
Күн шыққанда тұрсыңдар жасыра алмай
Шуақ кескен көк бүршік — кіндіктеріңді.
Жер-ана да бұл сәтті күтіпті ай, күннен,
Күрсінді ол да жасыңды жұтып қайғыңмен.
Түніменен толғатқан көк теректер,
Таң ата бүр жарғандарыңмен құттықтаймын мен!
* * *
Марат
Күләш Ахметованың Көктем. Көктеректер өлеңі шынымен жүрекке жетеді! Қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері керемет көрсетілген. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы терең ой салады, сөз таңдауы мен ырғақ үйлесімі оқырманға ерекше әсер береді. Қазақ тіліндегі өлеңдер мен әдеби материалдарды іздесеңіз, бұл сайт – таптырмас ресурс. Bilim‑All.kz платформасы әдеби шығармаларды оқып қана қоймай, талдап үйренуге де мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті мен өлеңдерін сүйетіндерге ұсынылады!