Таластағы жер аттары – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Таластағы жер аттары» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2389
"Талас" деген — грекше "теңіз" деген,
Бір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.
"Үшарал" — сол кездегі табылған ат,
Жер аты — ескерткіш сөз, ең ізгі өлең.
"Жалқамыс" жолбарысты есте шығар,
Боз таста "Бозтамшының" кестесі бар.
"Арнасы", "Ақкесене", "Көккесене",
"Суықжал", "Әулиесі", "Еспесі" бар.
Бар тағы бірге жатқан "Төрт ақыны",
Текке ме жұрттың одан қорқатыны.
Ғажабы —
Ғасыр бойы соққан самал
Күмбезде қобыз күйін тартатыны.
Жылдардың
аударылып парақтары,
Жел тұрар дәуір жырын таратқалы.
Бабалар ақындығын дәлелдейді
бейнелі "Таластағы" жер аттары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таластағы жер аттары өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Таластағы жер аттары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таластағы жер аттары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таластағы жер аттары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері