Ләйлектер келгенде – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Ләйлектер келгенде» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1985
Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің,
Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін,
Жапония жері ме, Африка ма,
Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім!
Мейірімге арналып алғыстарың —
Ескерткіші ед қалдырған соңғы ұстаның
Мұнараның басынан
Мұңға шомып,
Қарайсыңдар, азайған паң құстарым!
Ұзамаңдар айналып жиі елеске.
Қанатымен құсты құс сүйемес пе?
Жылы ұяда жыл сайын көбейіңдер,
Ұя деген құстардың үйі емес пе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері