Шымылдық – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Шымылдық» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3793
Айрықша аққудай боп дара тұлғаң,
Арулар арасында таң атырған,
Той күні тұтылған соң ұсталған жоқ
Жеңеше, ақ шымылдық сен отырған.
Көркемдеп кестелеген көйлегін зер —
Ұмытты шымылдықты кей келіндер.
Сусылы жүрек қозғар шымылдықта
Отырған еді-ау Тоғжан, Әйгерімдер.
Өзгеріп кеттік біздер мұнша қалай?
Жүрегіңді ашық-шашық мін санамай,
Қыздары біздің жаңа уақыттың
Ұстайды денелерін тұмшаламай.
Біздерге не бар бұдан, шынында, ұтқан?
Жеңеше, боларсың сен сырымды ұққан.
Шықпаған шырын сезім сыртқа шашау
Желпейлі, әшекейлі шымылдықтан...
Жеңеше, есіңде ме керім күнің?
Даланың елестетем өрім гүлін,
Шымылдық ашылмаған ауылдастар
Бергенше байғазысын, көрімдігін.
Уақыт — дарияның ағынындай.
Жүргенде жоғалтқанды әлі ұғынбай...
Көрінбей кете барды ақ шымылдық
Даланың алыстаған сағымындай.
Саналы салт-дәстүрді сағынасың.
Қойылған қонағына тәуір асы
Халықтық қасиет пен құндылықтар —
Күн нұрлы ғұмырымның мағынасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шымылдық өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Шымылдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шымылдық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шымылдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері