Еңбегің ессізге еткен еш болады – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Еңбегің ессізге еткен еш болады» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8399
Жаманға жақсы адам ақыл айтар,
Жақсыға жаман көзін ақырайтар.
"Тудым, - деп, - өзің туған мен де атадан"
Недәуір аузын керіп нақыл айтар.
Аңсызда алқымынан алса бері,
Көздерін "Қайтесің?" деп бақырайтар.
"Еңбегің ессізге еткен еш болад" - деп,
Дамолла Тұрмағамбет ақын айтар.

1905


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері