Бұл бетте «Жігіт жарастығы» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасымнан назым сөзге шебер едім, Өзімнен шебер кім? — деп кебер едім. Әр түрлі хикая мен дастандардың Ширатқан шым жібектен көгені едім.
Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім, Наһан боп, шараң нешік, сарқылса өрің? Шаукатың шамадан тыс болғанменен, Үңірейген, өмір бітсе, ордан — көрің.
Өнерден өнеді не өлім барда, Үй түзеу ұнамайды көрің барда. Қаңғуың, қойың бақпай — қолайсыз іс, Аңдыған жан-жағыңнан бөрің барда.
Хабарлама
INFO
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі