Бұл бетте «Ұлдарым» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
18.04.2019
0
0
7075
Ұлдарым, қолыңа ал қаламыңды,
Хат үйрен, ойынға қой алаңыңды.
Хатқа ұста қатарыңнан бола қойсаң,
Білерсің жолдас, жора, жараныңды.
Көп оқып, көңіл көзін ашып алсаң,
Жүргізер жұртқа сенің араныңды.
Үгіт сөз осылайша біз — ағаңнан,
Сен түгіл, алты алашқа таралыңды.
"Айтатын маған ақыл сен бе?" - демей,
Білімге жастай жұмса бар әліңді.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі