Алатау – достық күмбезі

Бұл бетте «Алатау – достық күмбезі» атты Марфуға Айтқожина жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 7910
Тау жайлы ақын қалай толғансын жай,
Ойларым тасқындайды жолға сыймай.
Алыстан Алатауым жалт қаратар
Мызғымас достығымның ордасындай!
Шоқысы жете жаздап күн көзіне,
Үйіріп жердің шарын күнде өзіне.
Тыныштық туын биік тұрған ұстап
Қызыққан жұрт осынау күмбезіне.
Бар шығар талай күмбез жер бетінде,
Дәл мұндай айшықтар жоқ келбетінде.
Күмбірлеп «Аврора» үніменен
Ерлікке ол өзін үлкен белгі етуде.
Бұл күмбез жайында бар ел біледі,
Соғып тұр сол күмбезде жер жүрегі.
Бойында оның асқақ жарқырайды
Достықтың таңғажайып белгілері.
Достыққа апаратын жол басындай
Әлемде биік күмбез бар ма осындай?!
Алатау арқа сүйер әкем бейне,
Ол әрі тағдыры бір жолдасымдай.
Сәулесін төгілдіріп жаға, жалға,
Тамылжып көкжиектен таң атарда.
Тиердей төбем көкке биіктеймін,
Қарасам асқақтаған Алатауға.
Қашан да арқау болған асыл жырға,
Сап қырлы ғасыр сыры жатыр мұнда.
Достықтың қолмен қойған нүктесіндей,
Сүйемін,
Тауым,
Түйір тасыңды да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау – достық күмбезі өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Алатау – достық күмбезі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау – достық күмбезі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алатау – достық күмбезі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері