Той толғанысы

Бұл бетте «Той толғанысы» атты Марфуға Айтқожина жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2076
Мәңгілік даңққа бөлеп сүйікті елді,
Асты, әне,
Өмір көші биік белді.
Партия сарқылмайтын мол шуағын
Халқымның зердесіне құйып берді.
Келіп тұр кемеліне далам бүгін,
Күй болып шартарапқа таралды үнім.
Асыр сап сай-салада өзендерім,
Қырмызы қырқаларым тағар гүлін.
Мамырлап аққу-қазым көлдерінде,
Арғымақ тықыршиды белдеуімде.
Қалықтап көгершіндер көк жүзінде,
Шалықтап сәби күлер жөргегінде.
Биіктеп миллиард тауы қырманымда,
Төрт түлік жамырады қырларымда.
Жүгіріп мектебіне шәкірт біткен,
Жүрегі ұстаздардың нұрлануда.
Ақтарып асыл кенін шахталарым.
Жеткізді еңбегімен шат хабарын.
Аспанның ақ бұлтындай ақтарылды,
Байырғы аты шулы Мақтааралым!
Жақындап қиял жетпес алысым да,
Самғады космонавтар ғарышында.
Биіктеп бәсекемен ғимараттар,
Түскендей құрылысшының бәрі сынға.
Ұшырып шабыт құсын ақындар да,
Тарқатып шаттық үнін жатыр маңға.
Тұрғандай бүкіл елім дабыл қағып
Алдағы ашылмаған ғасырларға!
* * *
Жоқ бүгін ойымда мұң,
Көңілде алаң,
Қысылмай,
Емін-еркін демімді алам.
Өзіңе қаншалықты ғашық болсам,
Соншалық ғашық екен,
Өмір маған!
Қауышып тағы да бір сәтті күнмен,
Ұқсаймын қаршығаға,
Шаттық ілген.
Сезгендей шын бақытты жүрегім де,
Ерекше тіл табысып,
Жатты жырмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той толғанысы өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Той толғанысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той толғанысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той толғанысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері