Тәжік сұлулары – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Тәжік сұлулары» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2462
Өнерін бір-бірінен асырардай,
Өнерге деген құштар бәсі бардай!
Сыртылдап сырлы саусақ,
Бұралса бел,
Көңілің тынбайды екен тасып алмай.
Өнерге жаны неткен құштар халық,
Қайталап бара жатыр құс та ән салып.
Аялап аруларын алақанда,
Жүрегі жігіттердің құшқан шабыт.
Өсердей биге қарап мақта да анық,
Жамылып жапырағын,
Жатты оранып.
Жырларды жамыратып мен де отырмын,
Сан тарау сапарымнан сәтті оралып.
Оқушым, өзің аңғар бұл арасын,
Асулар, шындар көп қой шығар ақын.
Бір ортақ қуаныш бар бәрімізге
Жат күйіп,
Достарымыз қуанатын.
Ұмытып өзін,
Жақын,
Жұрағатын,
Кеш жатып,
Жұрттан ерте тұрады ақын,
Айшығы әлемде жоқ сырлы-сынды,
Достықтың орнатсам деп мұнарасын.
Дүрліккен ән бе әлде күй ме айналам,
Бәрін де бір жүрекпен сүймей ме адам.
Достыққа орнатсам деп бір мұнара
Таң атып,
Күн шыққанын білмей қалам!
Сыр төгіп талай-талай түндер маған,
Қауышам тілегіңмен күндерге аман.
Байлығым,
Бақытым да бір сол шығар,
Досыңды көру абзал,
Күндеу жаман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәжік сұлулары өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Тәжік сұлулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәжік сұлулары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәжік сұлулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері