Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1963
Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән
Сен таңданба.
Кейде соған өлең іздеп отырам,
Жұрт ұйқыда таңдарда.
Күлкі жайнап бет пердем,
Періште кеп құлағыма сыбырлап,
Ұйқас сыйлап кеткендей,
Тез қуанам жыбырлап.
Сосын жылдам мұңайып,
Сыймайтындай қара жердің бетіне.
Жынданғаным – бір айып,
Қашып елдің шетіне.
Күлме маған, өзім де ұқпай отырам,
Мінезімді ғашықтыққа жалданған.
Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән,
Сен таңданба.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері