Тамызда қайтып оралшы – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Тамызда қайтып оралшы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2006
Сен
Өмірге келгеніңде гүл ең,
Сам құмы, тамызда қапырық.
Сосын өлгеніңді білем,
Тағы да тамызда шарқ ұрып.
Толқындар қап-қара шашыңда,
Бетінді жауып санаңмен.
Көз жұмдың он алты жасыңда,
Үмітті жылатып анаңмен.
Арманың аяқсыз қалды,
Болашақ, бал өмір жайлы.
Тағдыр қай аяпты жанды?
Болса да бар өңір қайғы.
Жалғанның бақыты аңыз ба?
Өлеңім тек мұңды сөз қылған.
Жан апа, оралшы тамызда
Сен туған, сосын көз жұмған...
***
Бақыттың дәмін татпадың,
Қабірдің төрін аттадың
Сен.
Арманың жайына қалды,
Ардағын қойнына алды
Жер.
Қалдым қайғымен шойындай,
Алдым – жастық мойылдай
Мен.
Жүректе назалы жыр жатты,
Көзімнің жасын құрғатты
Ел.
Шырайын қан қылып беттің,
Несіне қалдырып кеттің?
Сен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамызда қайтып оралшы өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Тамызда қайтып оралшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамызда қайтып оралшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамызда қайтып оралшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері