Жеңеше

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2895
Жеңешетай, шыным, сырым,
Бірің балсың, бірің шырын.
Отырсайшы жаныма кеп,
Қайнайды ғой ірімшігің.
Махаббатты өртеп өткен,
Жыршы едің ғой ертек еткен.
Сағындым мол мейіріңді,
Ана болып еркелеткен.
Бірде балап құрдасыңа,
Бірде ұқсатып сырласына,
Көтеруші ең оны дағы,
Әзіл айтсам мүдде асыра.
Салқын самал майда лебің,
Жаз бейнелі жаңдары едің.
Уылжыған уыз сындар,
Сол жеңешем қайда менің,
Сен ойлайсың аға қамын,
Болмаса деп балада мін.
Күйбеңменен жүрсің неге,
Көп еді ғой қалағаның.
Бірің жазсың, бірің көктем,
Қайран дәурен дүрілдеткен,
Сенің әсем әнің еді-ау
Айна көлді дірілдеткен,
Қайратты едің, қажырлы едің,
Алысқанда жәбірледің.
Жеңешетай, сағындым ғой,
Қайда сол бір әзілдерің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңеше өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жеңеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жеңеше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері