Самырсындар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Самырсындар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3646
О, тәкәппар тәңір шындар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудың ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар.
О, сиқыр тау ертек емген,
Жастық жалын өртенем мен.
Мен бір титтей жыршы құсың,
Жүрек күйін шерте келген.
Сылаң қаққан сырлы өзендер,
Сағым құшқан нұр белеңдер.
Сырнай самал, қырмызы гүл,
Саған қалай құр келем мен.
Аққу бұлттар үлпілдеген,
Үрке көшіп жүрсің неден.
Тау да, тас та, самырсын да
Сөйлеп жатыр бір тілменен.
О, тәкәппар тәңір шындар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудың ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самырсындар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Самырсындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самырсындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самырсындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері