Құтты мекен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Құтты мекен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3176
Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.
Жұтса жұтқан болар-ау, кім біледі,
Жаныма бір жақындық білдіреді.
Өзіңе сәлем жолдап қалып еді,
Аяулы Алатаудай шың жүрегі.
Қалмайын қарыздар боп бүгінде мен,
Алаңсыз ақ көңілім бүгілмеген.
Аунап жатқан көк толқын жағасынан,
Гүл теріп бұрын сенде жүгірмеп ем.
Сол гүліңді кеудеме басайын ба,
Әлде бір толқының боп тасайын ба.
Самалың боп жеңгемнің ақ жаулығын,
Қолаң шаштан сусыта қашайын ба.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері