Көктем жаулады бізді – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көктем жаулады бізді» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 675
Көктем жаулады бізді,
Арықтар қалаға енді.
Шуақ саулады ізгі,
Сәуле санаға енді.
Бұлттар жылжыды аймен,
Әлде асықты ма екен?
Өзен мүлгиді жаймен,
Көңілді тасытты көктем.
Көңіл қанат байлады,
Алысқа барамын деумен.
Жанымның жәнатты аймағы,
Бірақ та... жаралы кеудем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері