Күндерім менің пернемен айтты көп күйді – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күндерім менің пернемен айтты көп күйді» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Күндерім менің пернемен айтты көп күйді,
Домбыра жылап, бұралып келіп шек түйді.
Шатыр да шұтыр тілініп аспан сәуірде,
Ұйқыда жатқан найзағайларға от тиді.
Ұмытып шерді, жүректі қозғап асыл ән,
Үстінде жердің жаңбырдың суы тасыған.
Бір жарық сәуле аралап елді барады,
Секіріп түсіп таулардың биік басынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері