Бұл бетте «Кең жазира» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең жазира, кербез далам, қымбаттым,
Мен төсінде іңгәладым, тіл қаттым.
Көгершіндей қалықтатып көгіңе,
Өміріме өшпес жалын, нұр жаптың.
Алыс жүрсем сағынамын, құшамын,
Қанат болса өзің үшін ұшамын.
Қайда жүрсем аңсарымсың бір өзің,
Қандай ыстық, аяулы еді құшағың.
Ұстап тұрған күнді–дағы батырмай,
Сенің күшің болар ма екен, япырмай.
Соқпаса егер сенің тентек дауылың,
Жатар ма еді теңіз толқын сапырмай.
Қызықтырар туған қызын бұл мекен,
Алаулаған әлде қызыл гүл ме екен.
Әлде сенің қуатыңнан, титімдей,
Жүрек шіркін кеудені ұрып тұр ма екен.
Туған жерім, кең жазира, кең өлкем,
Құлаш сермер тұнығын да өз еркең,
Ұшқанда да тоқып келем көкейге,
Балаусалы құшағында не көрсем.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі