Қарагер
Бұл бетте «Қарагер» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қамшылай жөнелгенде Қарагерді,
Бұрқ етіп артында шаң қала берді.
Қарагер қанат бітіп бұлдырайды,
Жолдағы тамсандырып тана көлді.
Тыпыршып жер тарпыған жаңа ғана,
Ойқастап қарагер мен қара бала,
Тізгінді тежеп қалып жөнелгенде,
Құйылды құстай самғап бара-бара.
Жүрек те дамылы жоқ дүрсіл қақты,
Далаңыз нәзік ару бір сымбатты.
Тұяқтың дүбіріне тасырлаған,
Жартас тұрғай, жаңғырып шың тіл қатты.
Желпіді майда қоңыр тау самалы,
Тұяқтан нөсер сезім жауса–дағы.
Қара ұлдың Қарагердей қайсарлығын
Бұлаң біткен жыр етіп тауыса алмады.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі