Бұл бетте «Адамдар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам бар, қиындықтан алып шығып,
Адам бар, шыңырауға итеретін.
Адам бар, ойын ішке қалып бүгіп,
Адам бар кеудесінен күй төгетін.
Адам бар, жазығың жоқ қинайтұғын,
Адам бар, көңілдері алым-салым.
Адам бар жамандыққа қимайтұғын,
Адам бар, қиналатын төгілсе арың.
Адам бар, қайрылып қарасатын,
Адам бар-ау, ойламас келер кешін.
Өліп жатсаң бағыңа таласатын,
Адам дейміз кейде адам көлеңкесін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі