Есімде жас төгілтіп мұңайғаным – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Есімде жас төгілтіп мұңайғаным» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2341
Есімде жас төгілтіп мұңайғаным,
Кеп-кеше қарғыс айтып "құдайға" мың.
Соның бәрі көңілден ұмыт болып,
Сенің айтқан, жаным-ау, ұнайды әнің.
О, сиқырлы ән, менімен үндес пе едің,
Бірақ өшем, жоқ сірә, күнде өшпегім.
Қасіретін тартпасам мен жаманның,
Қасиетін жақсының білмес те едім.
Сол жандардың сен-дағы біреуісің,
Жаралғансың жақсылық тілеу үшін.
Қыран құс қияндарға самғайды екен,
Аласа емес, биікте түлеу үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері