Қайта жанып – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қайта жанып» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1440
Арманның жұлдызы қайта жанып,
Сырлар құйып сыбырлап айтады анық.
Ұмыт болған ойнақты от мінез-ай,
Тұғырына қоныпты қайта айналып.
Түн де маған құпия сыр ақтарып,
Көңіл шыңын көп ойлар жүр ақтарып.
Аспанның бір көзіндей ағып түскен,
Ғайып болды бір жұлдыз құлап қалып.
Сол жұлдыздай ағылып күн өтеді,
Көп арманды көңілге түнетеді.
Көз алдыңнан көлеңдеп өте шығар,
Кей жылдардың ұстатпай түпетегі.
Дей ме әлде мынау бір жасық адам,
Толқын атып арнада тасымаған.
Кей-кейде қоңыр үнді домбырамен,
Көңілдің көп шерін бір басып алам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері