Жалғыз тамшымын – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жалғыз тамшымын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2094
Қара бұлттан тамған жалғыз тамшымын,
Өлең нем, мен оған бір жалшымын.
Керек жанға самал желдей жұмсақтық,
Керегі жоқ, осып түсер қамшының.
Кейде мен бір майда тұнық толқынмын,
Шертеді екен толқын күлкі, толқын мұң.
Жәй қарасаң шымырлаған тұнық су,
Әркім тілін ұға бермес толқынның.
Кейде уақыт жылжымайды шабан-ақ,
Кейде жылдам өте шығар сабалап.
Кейде өз ойың отырады өзіңді
Дұшпаныңнан әрмен мықтап табалап.
Көңіл кейде жыртық үйдей тамшылап,
Жігерімді алам сонда қамшылап.
Қамшы жанды сипамайды, осады,
Жас шықса да, үн шығармай қал шыдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері