Мен өзгерем(ін)
Бұл бетте «Мен өзгерем(ін)» атты Serykbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен өзгерем(ін)
Көктемдей сұлулыққа емес,
Шуақты жылылыққа емес,
Ақыл мен ұлылыққа емес,
Əйтеуір, мен өзгерем(ін).
Біреуге жағу үшін емес,
Кеткен есемді алу үшін емес,
Өзгені тану үшін емес,
Бірақта мен өзгерем(ін).
Барымды алсын мейлі,
Аяқтан шалсын мейлі,
Көңілдер қалсын мейлі,
Бəрібір мен өзгерем(ін)
Өзгерем(ін)өзім үшін деп,
Өкінген кезім үшін деп,
Сəтсіз сезім үшін деп,
Сезімге төзген төзім үшін деп
Өзгеру керек маған...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі