Алатау – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Алатау» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.09.2018
  • 0
  • 1
  • 3005
Күн сүйген биік шыңын Алатаудың,
Найзадай жақпар тасын жуған жауын.
Тәкаппар басын имес, қарт кеудесін
Қарашы, күміс қардың тұмшалауын.
Кешінде қоңыр салқын айлы жаздың,
Ойнақтап көк жүзінде қызғылт сағым.
Жарқ етіп күміс қанат көтерілген,
Көремін тас қиядан тау қыранын.
Ай жүзсе көкті сүзіп күлімсіреп,
Қарайды құмарлана гүл үлбіреп.
Жымың қағып жұлдыздар көзін қысса,
Бір желпінер масайрап, түн елжіреп.
Құланиек таң атса түндік түріп,
Бұлбұл да әнін сайрайды түрлендіріп.
Құласа сықылықтап құздан бұлақ,
Алатау жол береді басын иіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ислам

Маган унады

Осы автордың басқа өлеңдері