Асқарлы Алатау аялаған
- 0
- 0
Асқарлы Алатау аялаған,
Табиғат бар сыйын аямаған.
Шуақты, бұлақты әсем қала,
Шаттық пен салтанат саялаған.
Бұл бетте «Ауылдың кешін сағындым» атты Меңдігүл Темірғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асқарлы Алатау аялаған,
Табиғат бар сыйын аямаған.
Шуақты, бұлақты әсем қала,
Шаттық пен салтанат саялаған.
Алматыма қарашы –
Ән мен күйдің қаласы.
Ән салады бүлдіршін
Қыздары мен баласы.
Алматының көктемі бар керемет,
Дембіл-дембіл күн жауады себелеп.
Бар аймағы барқыт гүлге оранып,
Бұлбұл сайрап, ұшып-қонған көбелек.
Алматы – әсемдік қаласы,
Көз тоймас көркіне.
Алатау асқарға қарашы,
Қаласың желпіне.
Алматы, асқар тауың аялаған,
Баурында сен балапан саялаған.
Әсемдік әлемдегі бір өзіңде,
Табиғат сыр-сымбатын аямаған.
Қанат жайған көсіле,
Алатаудың төсіне.
Алматыны атасаң,
Алма түсер есіңе.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі