Бір қазаққа – Aibekkk

Бұл бетте «Бір қазаққа» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Билікті соққан кезде бәрі білгіш,
Өзінен басқаларды кәріне ілгіш.
Жұмылып іс қылайық деген кезде,
Ат-тонын ала қашып әрі жүргіш.

Тыңдасаң осылардың әңгімесін,
Адасып тентек қойдай мәңгіресің.
Біреуден естігеннен басқа өзінде,
Жоқ болса сөз қылады енді несін.

Білімді жанды көрсе күндегесін,
Талпынып өзі солай жүрмегесін.
Қит етсе өзбек пенен қалпақ жалдар,
Ретін шаруаның білмегесін.

Мазақтап өзбектерді күлген есер,
Біреуді жүре алмайсың тілдемесең.
Май шелпек өзбектердің аузында жүр,
Балдардан жырып алған күндегі есең.

Өзіңше оларды тек құл көресің,
Шын көріп қулықпенен үндемесін.
Оларда келе-келе бұлданады,
Өткізіп қойғандай ғып бірдемесін.

Ай, қазақ сонда жарым шашылады,
Атағын бір-бірінен асырады.
Сарайды пәлен пұлға соқтырып ап,
Досынан кемшілігін жасырады.

Шебер деп өзбектерін жар салады,
Екінші қазақ келіп тамсанады.
Қалайда сол өзбекті жалдау керек,
Банктен қарызға ақша алса дағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір қазаққа өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Бір қазаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір қазаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір қазаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар