Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай

Бұл бетте «Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Іші тар адамдардың қарғысы атып,
Жат пиғыл,
Арам іске ұрынды ма.
Көк шалқан толқындары жарды соғып,
Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай.

Жуасып жарды соққан толқындары,
Бар-ісін пенделердің айыпты етіп.
Тұншығып кеудесінде жойқын жаны,
Барады қоштаспастан Жайық кетіп.

Біздерден қайсар жаны мұң жасырып,
Ақ Жайық арығанын білдірмейді.
Кетсе де тамырлары құмға сіңіп,
Кеудесі шалажансар күмбірлейді.

Ау тартқан кездеспейді балықшылар,
Шау тартқан шаңқылдамас шағалада.
Алдыңнан қарсы алады қайыршыдай,
Кемесі қайырлаған жаға ғана!!!


Пікірлер (2)

Айбар

Өте жақсы жазылған.

Aibekkk

Жайық өзені көз алдымызда суалып барады, өкінішті-ақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер