Оянбайды бәрібір іштарлығым!

Бұл бетте «Оянбайды бәрібір іштарлығым!» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!

Көзімде от, жүректе қызуым бар,
Ерітеді көңілдің мұзын ызғар.
Дүние мен малға емес, жүрегімнің,
Соққанына дүрсілдеп қызығыңдар!

Үйреніңдер мінездің ұстамдығын,
Өмір үшін адамның құштарлығын.
Отымды ал жүректен, жылуымды ал,
Оянбайды бәрібір іштарлығым!


Пікірлер (2)

Айбар

Жарайсың.

Aibekkk

Біз осы білеміз бе бақыт мәнін,

Көрдік пе сол бақыттың татып дәмін.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оянбайды бәрібір іштарлығым! өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Оянбайды бәрібір іштарлығым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оянбайды бәрібір іштарлығым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оянбайды бәрібір іштарлығым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер