Алғыс – Берік Алтынай Айбекқызы

Бұл бетте «Алғыс» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сөз өнер боп қонды маған бақ құсы ,
Балғын дарын келеді өрге шапқысы .
Келеді ылғи мені алға жетелеп ,
Мария апай-мектебімнің басшысы!

"Нұр Отанды"қамқоршым деп атайын ,
Сәби үнмен заманға тіл қатайын.
Үйретуде маған жазу қыр -сырын,
Ташимова Гүлмирадай апайым !

Қызылорда -қалам ғой ең сүйікті ,
Маған әркез армандатқан биікті.
Сыр өңірім ақ маржаннан тау жасап,
Өсіруде мыңғырған мал -мүлікті .

Басшысы елдің -Қырымбектей ағайым,
Сізді елдің данасына балайын.
Қанаттанып батаңызбен Сіз берген,
Сыр елінің ақын қызы болайын !

Маған қолдау көрсеткен соң өзіңіз,
Кітап болып жарық көрді сөзіміз .
Сізге тілек : алға өрлеп ісіңіз ,
Көп болсыншы қуанышты кезіңіз !

Жайнап өсе берсін әркез "Нұр Отан"
Сізге шаттық сыйлай берсін мына таң.
"Нұр Отанның" бастауымен әрқашан ,
Жайнай берсін біздің байтақ Ұлы Отан !


Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғыс өлеңінің авторы кім?

Берік Алтынай Айбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Алғыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Берік Алтынай Айбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері