Бұл бетте «Желтоқсан» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Желтоқсанда жастарым,
Аяз қарып тәніңді .
Намысы үшін қазақтың ,
Құрбан еттің жаныңды .
Сол бір суық желтоқсанда ,
Бозторғай жаны шырылдап .
Қатерге тігіп бастарын ,
Алаңға шықты жастарым.
Желтоқсанның жаңғырығы ,
Жүрегімді тілгіледі.
Батыр Қайрат ,Лаззаттардың,
Қаны бекер төгілмепті .
Желтоқсанның батырлары ,
Әдемі өмір сыйлады .
Енді міне , Қазақстан ,
Мемлекеттің іргетасын .
Берік етіп қалап алып ,
Болашаққа қадам басты .
Ерлік жасап ,құрбан болған ,
Азаттықты аңсаған .
Тәуелсіздік таңы атты ,
Ұмытпаймыз ешқашан !
Қазағымның аңсаған ,
Ар -намысын жалғаған ,
Тәуелсіздік тұрғанда ,
Арайлап атар әр таңым !
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Тұрғамбек Нұрсезім
Керемет өлеңдер екен