Өмір мәні – madinaaamedeltai

Бұл бетте «Өмір мәні» атты madinaaamedeltai жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір шіркін тәтті өтіріктен құралған,
Ащы шындық,ел жақтырмас бір алаң.
Екі ағыста өтіп жатыр бұл дүние,
Бірі күліп, енді бірі жылаған.

Құр бекерге өтуде біздің күніміз,
Уақыт көптей көзге ілмей жүреміз
Мына фәни аз парақтан тұрады,
Уақыт кетпей, лайықты өмір сүріңіз!

Жалған өмір берілер сынақ ретінде,
Көп пенделер қадірін білмей кетуде
Өмір деген құмсағат қой қарасаң,
Көзді ашып-жұмғаныңша өтуде.

Байлық, атақ өмір бойы жинайсың,
Өмір мәні ақшада деп ойлайсың
Уақыт жетіп көр астына кіргенде,
Өзегіңді өкінішпен қинайсың

Қане атақ?Қайссы атақ байлығың?
Құлшылықпен өтіп еді қай күнің?
Өмір бойы жинаған сол бір қағаздар,
Көмілмейді көріңе қоса сай жүгің.

Өлместей боп өмір бақи жүресің,
Ғайбат айтып, мазақ етіп күлесің.
Ластадың ау пәк көңілді осымен
АЛЛА алдына қай бетіңмен кіресің...?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір мәні өлеңінің авторы кім?

madinaaamedeltai — осы өлеңнің авторы.

Өмір мәні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір мәні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір мәні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар