Жеңіс батыры – Саян Маликұлы

Бұл бетте «Жеңіс батыры» атты Саян Маликұлы жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қалыңдап тарихтың парағы,
Отты жыл алауы жанады.
Кешегі жеңімпаз солдаттар,
Бүгінде азайып барады.

Ардагер мәңгілік санатта,
Қанды жыл естелік парақта.
Жүректе сақталды батырлар,
Санаңмен зерделеп сабақта.

Жеңіспен оралған жауынгер,
Бұған да қуанды қалың ел.
Отанды аппаттан сақтаған,
Ержүрек батырлар кемеңгер.

Бақытпен нұрланды еліміз,
Жайқалсын бейбіт күн гүліміз.
Жеңістің туы да жығылмай,
Шырқалсын көгінде жырымыз.

Еліміз жеңісің тойлансын,
Жойылмас тыныштық орнасын.
Кешегі жеңімпаз батырдың,
Ерлігін ұрпағы жоймасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс батыры өлеңінің авторы кім?

Саян Маликұлы — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс батыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс батыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс батыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар